Ақмола облысында көлік жол жұмысшыларын қағып кетті

/
Ақмола облысында көлік жол жұмысшыларын қағып кетті
istockphoto

Ақмола облысында көлік үш жол қызметкерін қағып кетті. Салдарынан біреуі көз жұмып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.

Оқиға 23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы тасжолында болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тасжолдың 163-шақырымында тіркелген. Chery Arrizo 8 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде жүрген үш жұмысшыны қағып кеткен.

Полицияның хабарлауынша, жұмысшылардың үстінде жарық шағылыстыратын арнайы кеудешелер болмаған. Салдарынан олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал қалған екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар