Мұнай бағасы бес айдан бергі максимумға жетті

/
Мұнай бағасы бес айдан бергі максимумға жетті
istockphoto.com

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты мұнай жеткізіліміне қатысты қауіп күшейіп, әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 111,05 долларға дейін көтерілді. Бұл — мамыр айынан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды turkystan.kz.

Reuters агенттігінің Гринвич уақытымен сағат 08:10-дағы мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 110,8 долларды, ал америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 104,8 долларды құрады.

Мұнай бағасының өсуіне хуситтердің Сауд Арабиясындағы нысандарға шабуыл жасағаны туралы мәлімдемелері және Парсы шығанағында кемелерге соққы жасалғаны жөніндегі хабарламалар әсер етті. Kpler сараптамалық компаниясының мәліметінше, соңғы екі аптада кемінде 18 кемеге шабуыл жасалған.

Трейдерлер өңірдегі шиеленіс мұнай жеткізіліміне кері әсер етуі мүмкін деп қауіптенеді. Осы жағдай аясында Brent және WTI маркалы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан жоғары деңгейде қалып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар