Биржада доллар бағасы 451 теңгеден төмен түсті

/
Биржада доллар бағасы 451 теңгеден төмен түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 450,69 теңгені құрап, 1,79 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 20 қазанға белгілеген ресми бағамы — 452,59 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 450,69 теңге, сату бағамы 452,46 теңге. Астанада доллар орта есеппен 446,05 теңгеден сатып алынып, 453,05 теңгеден сатылып жатыр. Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 451,05 теңге болса, сату бағамы 451,95 теңгені құрайды.

Еске салайық, 12 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,65 теңгеге, 13 қазанда 2,68 теңгеге төмендеген. Ал 14 қазанда 2,14 теңгеге, 15 қазанда 2,93 теңгеге өскен. 16 қазанда 1,79 теңгеге төмендесе, 19 қазанда 0,08 теңгеге жоғарылаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары