Доллар бағасы 448 теңгеден төмен түсті

/
Доллар бағасы 448 теңгеден төмен түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,94 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,36 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 21 қазанға белгілеген ресми доллар бағамы 448,61 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы — 447,59 теңге, сату бағамы — 449,62 теңге. Астанада доллар орта есеппен 445,01 теңгеден сатып алынып, 452 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 448,63 теңгені, сату бағамы 449,62 теңгені құрайды.

Еске салайық, 12 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,65 теңгеге төмендеді. 13 қазанда 2,68 теңгеге арзандады, 14 қазанда 2,14 теңгеге өсті, 15 қазанда 2,93 теңгеге қымбаттады, ал 16 қазанда 1,79 теңгеге төмендеді.

19 қазанда доллар бағамы 0,08 теңгеге өсті. 20 қазанда 1,79 теңгеге төмендеді, ал 21 қазанда 1,91 теңгеге арзандады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары