Биржада доллар бағасы қайта көтерілді

/
Биржада доллар бағасы қайта көтерілді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 452,59 теңгені құрап, 0,08 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 19 қазанға белгілеген ресми доллар бағамы 452,12 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 451,39 теңге, ал сату бағамы 453,1 теңге болды. Астанада доллар орта есеппен 449 теңгеден сатып алынып, 456 теңгеден сатылуда. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 452,35 теңге, ал сату бағамы 453,05 теңгені құрады.

Еске сала кетейік, 5 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 6,62 теңгеге өсті. 6 қазанда 1,71 теңгеге, 7 қазанда 5,6 теңгеге төмендеді. 8 қазанда 1,73 теңгеге, 9 қазанда 4,06 теңгеге өсті. 12 қазанда 2,65 теңгеге, 13 қазанда 2,68 теңгеге төмендеді. Ал 14 қазанда 2,14 теңгеге, 15 қазанда 2,93 теңгеге өсті. 16 қазанда доллар бағамы 1,79 теңгеге төмендеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары