Жаһандық мəдени әсер мен «жұмсақ күшке» (soft power) жетуге талпынған БАӘ шоколад арқылы күтпеген жетістікке жетті. Time журналы бұл тәттіні «БАӘ-нің шынайы жұмсақ күші» деп атады, өйткені бір ғана шоколад туристік имиджден, музейлерден және Формула-1 жарыстарынан да көп нәтиже берген, деп хабарлайды turkystan.kz Time журналына сілтеме жасап.
Шоколад алғаш рет 2021-жылы Ghirardelli және Lindt сияқты ірі брендтер арқылы халықаралық нарыққа шықты. Шоколад құрамындағы даканфай (қыртылған фило қамырынан жасалған араб десерті) мен фисташка бар ерекше қоспа арқылы аса танымал болды.
Time журналы шоколад арқылы БАӘ-ның өзіндік мәдени идентификациясын әлемдік деңгейде таратуға мүмкіндік алғанын, «жасанды супер-жобалар» орнына дәм арқылы эмоционалды байланыс орнатқанын атап өтті.
 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        