Біріккен Араб Әмірліктері

/
Біріккен Араб Әмірліктері
сурет: istockphoto.com

Биыл Біріккен Араб Әмірліктері әлемдегі ең бәсекеге қабілетті бес экономиканың қатарына қосылып, жаһандық рейтингте тарихи жетістікке жетті. IMD халықаралық институтының жыл сайынғы бәсекеге қабілетті елдер рейтингісінде БАӘ 96 ұпайдан астам жинап, былтырғы көрсеткішінен екі саты жоғарылады. 

Бұл нәтиже Әмірліктерді Швейца­рия, Сингапур, Гонконг сынды көш­басшы елдермен бір қатарға шы­ға­рып, АҚШ, Швеция, Германия және Ка­нада тәрізді қуатты эконо­ми­ка­лар­дың алдына шығарды. Осылайша, жас мем­лекет тоғыз жыл бойы үздіктер қа­­­тарынан түспей, бүгінде бүкіл әлем на­зар аударатын экономикалық фе­но­менге айналып отыр. Бұл шөлде бой кө­терген елдің қысқа уақытта жеткен же­тістігінің айғағы десе де болады.

Экономикалық көрсеткіштер

IMD рейтингіндегі «Экономика» көр­сеткіші бойынша БАӘ 2025 жылы әлем­де екінші орын алды. Бұған елдің әсер­лі макроэкономикалық жетіс­тік­тері негіз болып отыр. Кейінгі жылдары Әмір­ліктер мұнайға деген тәуелділікті бір­тіндеп азайтып, экономиканы әрта­рап­тандырудың арқасында тұрақты өсім­ге бет түзеді. 
Мәселен, 2024 жылы БАӘ-нің сырт­қы сауда айналымы рекорд деңгейге, 5,23 триллион дирхамға (шамамен 1,4 триллион АҚШ долларына) жетті. Оның ішінде мұнайдан басқа өнімдер экспорты 440 миллиард дирхамға (120 млрд $) жетіп, 2019 жылмен салыс­тырғанда 83 пайызға өскен. Сол секілді, елге тартылған тікелей шетел инвес­ти­циясының көлемі 2023 жылы 113 млрд дирхамға (шамамен 30 млрд доллар) же­тіп, тарихтағы ең жоғары деңгейге шық­ты. 
Макроэкономикалық тұрақтылық та назар аударуға тұрарлық: инфляция кейінгі кезде шамамен 2 пайыз төңіре­гін­де сақталып отыр, ал жұмыссыздық деңгейі 2 пайыздан төмен. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 50 мың долларға жуықтады. Бұл ел тұрғын­дары­ның өмір сүру деңгейі жоғары еке­нін көрсетеді. Экономиканың осы­лай қарқынды дамуы БАӘ-нің әлемдік бәсекеге қабілетті болуының берік не­гізі екені анық.

Үкімет тиімділігі

Бәсекеге қабілеттіліктің тағы бір ше­шуші индикаторы – мемлекетті бас­қарудың сапасы. Бұл салада БАӘ айтар­лық­тай табысқа жеткен. Ел 2025 жылғы рей­тингте «Үкімет тиімділігі» бойынша әлем­­де төртінші орын иеленді. 
Әсіресе, бюрократияның барынша қыс­­қаруы ерекше тоқталып өтуге лайық: «бюрократияның жоқтығы» ин­дек­сінде Әмірліктер жаһанда бірінші орын­ға шықты. Яғни, мемлекеттік ап­па­ратта қағазбастылық пен кешігу аза­йып, ше­шімдер қабылдау мен олар­ды іске асыру ісі жедел әрі икемді жүре­ді. 
Үкіметтің өзгерістерге бейімделу қа­білеті де әлем бойынша үздіктер қа­тарында: бұл көрсеткіште БАӘ екінші орын алды. Мемлекеттік саясаттың осын­дай ұтқырлығы ел­дің үнемі құбы-лып отырған жаһан­дық жағдайларға жылдам бейімделуіне мүмкіндік береді. Бұған қоса, заңның беріктігі, сыбайлас жемқорлыққа төз­беу мәдениеті мен стратегиялық бас­қару­да алысқа көз тіге білу Әмірліктер үкіметін тиімділік үлгісіне айналдырды. Нәтижесінде, мемлекеттік сектор қызметі мен шешімдері бизнестің да­муы­на қолайлы жағдай жасап, қоғам­ның түрлі қажеттіліктеріне жедел жауап беріп отыр.

Бизнес

БАӘ-дегі бизнес жүргізу ортасы да оның бәсекеге деген қабілетін жақ­сар­тып отырған басты фактордың бірі. 2025 жылы «Іскерлік тиімділік» сана­тын­да Әмірліктер бірден жеті сатыға кө­теріліп, әлем бойынша үшінші орын­ға жайғасты. Бұл елдегі кәсіпкерлік кли­маттың қаншалықты қолайлы еке­нін аңғартады. Мұнда әкімшілік ке­дергілердің мейлінше аз болуы, реттеу шараларының икемділігі және ашық на­рық қағидаттарының үстемдігі биз­неске еркін тыныс береді. 
Мемлекет пен жекеменшік сек­тор­дың өзара тығыз байла­ны­сы (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дең­гейі бойынша БАӘ дүниежүзінде ал­ғашқы орындардың бірінде) іскерлік бастамаларды қолдап, инновацияны ынталандырады. 
Әмірліктер венчурлық капиталдың қолжетімділігі бойынша да әлемде көш бас­тап тұр: стартаптарды қаржылан­дыру мүмкіндіктері мұнда мол. Сол сияқ­­ты, жаһандық тәжірибесі бар бі­лік­ті мамандарды тарту бағытында да ел жетекші орындарда: икемді көші-қон заң­дары мен тұруға рұқсат алу ереже­ле­рінің жеңілдігі таланттарды магнит­тей тартып келеді. Global Entrepreneurship Monitor зерттеуіне сәйкес, БАӘ қа­тарынан төрт жыл бойы жаңа бизнес бастау үшін әлемдегі ең қолайлы мекен ретінде танылып отыр.
Аз салық, еркін экономикалық ай­мақтардың көптігі мен инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған заң­дары БАӘ-нің бүкіл аймақтың бизнес хабы әрі инновациялық орталық мәр­те­бесін одан ары нығайтып отыр.

Инфрақұрылым

Әмірліктердің инфрақұрылымы, оның даму қарқыны – елді бәсекеге қабілетті етіп отырған тағы бір фактор. 
Елде заманауи көлік және логистика инфрақұрылымы өркендеген: Дубай мен Абу-Даби сынды мегаполистер ға­ламат архитектуралық нысандары жә­­не әлемдегі ең қарбалас әуежай­лары­мен танымал. 
Жүк тасымалы мен порт қызметі жаһан­дық сауданың маңызды құрамдас бөлігіне айналған. БАӘ Таяу Шығысты Еу­ропа, Азия және Африкамен байла­ныс­тыратын торап ретінде белгілі. 
Энергетикалық инфрақұрылым са­пасы бойынша да Әмірліктер озық шы­ғып, бұл индикаторда дүние­жүзілік көш­басшы атанды. Бұған қоса, цифрлық инфрақұрылым қарқынды да­мыған: жоғары жылдамдықты ин­тер­нет желілері мен 5G байланысы бүкіл елді қамтып, мемлекеттік және жеке сек­тор қызметтері цифрлы форматқа се­німді қадаммен көшіп жатыр. Мы­салы, жалпыхалықтық цифрлық жеке куәлік жүйесіне 11 миллионнан астам пайдаланушы тіркеліп, 130-дан астам үкіметтік және жеке ұйым қызметтері онлайн түрде қолжетімді болған.
Денсаулық сақтау мен білім беру са­лаларына жасалған инвестициялар да өз жемісін беріп келеді. Әмірліктер әлем­де тұрғындардың денсаулығын сақ­тау және медицина қолжетімділігі жө­нінен алдыңғы қатарда (универ­сал­дық денсаулық сақтау индексінде 2-орын). 
Елдегі ғылым мен техника саласын­дағы білім беру жүйесі де нәтижелі: жо­ғары оқу орындарындағы түлектер­дің арасында жаратылыстану ғылым­дары мен инженерия мамандықтарын тәмамдағандардың үлесі бойынша БАӘ жаһанда үшінші орынға шықты. 
Сонымен қатар қоғамдағы гендер­лік теңдік пен инклюзивтілікке ұмты­лыс та инфрақұрылым дамуының әлеу­­­меттік қырын толықтырады. Парла­мент­тегі әйелдердің үлесі бойынша Әмірліктер әлемде бірінші орында тұр. 
Жалпы алғанда, озық инфрақұры­лым мен жоғары өмір сүру сапасы БАӘ-нің таланттар мен капитал тартуға таптырмас елге айналдырды.

Сын-қатерлер

Осындай жетістіктерге қарамастан, БАӘ алдағы уақытта бетпе-бет келетін бірқатар сын-қатер бар. 
Ең алдымен, экономиканы әртарап­тандыру бағытын одан әрі тереңдету маңызды міндет болып қала береді. Мұ­най бағасының ауытқуына тәуел­ді­лік­ті мейлінше төмендетіп, жоғары қо­сылған құны бар инновациялық сек­­­­­торларды өрістету арқылы ғана Әмір­ліктер ұзақмерзімді тұрақтылыққа қол жеткізе алады. 
Екіншіден, жаһандық эконо­ми­ка­лық ахуалдың құбылмалылығы жағ­дайында ашық сауда мен инвестициядан ұтады деп келген ел протекционизм мен геосаяси қауіп-қатерлерді еңсеруге дайын болуы шарт. Әлемдік саудада қор­ғанушылық үрдістер күшейген тұс­та БАӘ көптеген елмен жаңа сауда ке­лі­сім­дерін белсенді түрде жасап, сырт­қы на­рықтардағы тәуекелдерді тарқату­да. 
Үшіншіден, цифрлық дәуірдің сын­дарына лайықты жауап беру – күн тәр­­тібінде. Жасанды интеллектіні, ав­то­­маттандыруды және озық техноло­гия­­ларды экономиканың барлық сала­ларына тиімді енгізу қажет, алайда бұл арада еңбек нарығын жаңа жағдайға бейім­деу, киберқауіпсіздікті қам­та­ма­сыз ету және артық мамандардың білік­ті­лі­гін жетілдіру мәселелері туындайды. 
Төртіншіден, климаттың өзгеруі жә­не экологиялық тұрақтылық мәсе­ле­лері де – Әмірліктердің өзекті мәселесі. Шө­лейт аймақта орналасқан ел су ре­сурс­тарын үнемдеп, жаңартылатын энер­гия көздерін дамытып, көміртек ізін азайтуға күш салып отыр. Бұл ба­ғыт­та миллиондаған ағаш егу, қорға­ла­тын табиғи аумақтарды кеңейту секілді бас­тамалар қолға алынған. 
Сондай-ақ адами капиталды да­мыту бағытындағы жұмыстарды бәсеңдетпей, білім беру мен инновация­ны ынталандыру қажет. Елдегі жас ұр­пақ­тың білімі мен біліктілігін әлемдік стан­дарттарға сай көтеру, сондай-ақ шет­елдік таланттарды тартатындай ахуал­ды сақтау экономикаға салына­тын ең маңызды инвестиция болмақ. 
Осы сын-қатерлерді еңсеру арқылы БАӘ қол жеткізген табысын уысынан шы­ғарып алмай, жаңа биіктерге өрле­мек.

Қорыта айтқанда, БАӘ-нің әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде үздік бестікке енуі – елдің саяси және экономикалық бағытта жүргізген реформаларының жемісі. 
Тәуелсіздігін жариялағаннан бергі қысқа мерзім ішінде Әмірліктер көз тартарлық ғимараттарымен ғана емес, тиімді басқару модельдері мен экономикалық жетістіктерімен де таңғалдырып келеді. Бұл табыс тиімді басқару, алғыр экономикалық стратегия мен қоғам үйлесімінен туындады. 
Бүгінде БАӘ өз өңірінде ғана емес, бүкіл әлемге дамудың ерекше жолын көрсетіп отыр: мұнай дәуірінен кейінгі кезеңде де өркендеуге болатынын, шағын мемлекет үлкен мақсаттарға жете алатынын дәлелдеді. Алда тұрған сын-қатер аз емес, дегенмен Әмірліктердің осы күнге дейінгі тәжірибесі мен әлеуеті болашаққа үлкен үмітпен қарауға жол ашады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары