«Ақорда» резиденциясында Финляндия президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл – Александр Стуббтың Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары.
Мемлекет басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті.
Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.