Қос аудандағы қуаныш

Қос аудандағы қуаныш

Республика күні қарсаңында Ақтөбе облысының екі ауданындағы бірнеше ауылға көгілдір отын берілді.

Былтыр өңірде тұрғындарды газбен қам­ту көрсеткіші 95,7 пайызға жеткен бо­латын. Биыл 28 ауылды газдандыру арқылы бұл көрсеткішті 96,8 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.
Бұл – Ақтөбе облысында бұрын-соңды бол­маған көрсеткіш.
Нақты жүзеге асқан жұмыстар нә­ти­же­сінде Мұғалжар ауданының Ащысай ауыл­дық округіне қарасты Ащысай мен Сабын­ды­көл ауылдарына газ берілді. Бұл қуаныш­ты ауыл тұрғындары көп жыл күткен 
еді. 
Жаңа инфрақұрылымның іске қо­сы­луы­ның арқасында енді Ащысай ауы­лын­дағы 71 үй мен 334 тұрғын және Сабын­ды­көл ауылындағы 23 үй мен 108 тұрғын, сон­­дай-ақ әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақша, медициналық пункт көгілдір отын­мен қамтылмақ. Осылайша, ауданның газ­бен қамту үлесі 97,7 пайызға жетті.
Тапсырыс беруші – Ақтөбе облысының энер­гетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, ал мердігер ме­кеме – «Әлихан ойл-3» ЖШС. Мердігер ме­­­кеме жалпы ұзындығы 39,5 шақырымдық газ желісін тарту бойынша жұмыс жүргізді.
Екі ауылда көгілдір отынға қосылу сал­та­натты шарасы өтіп, оған Мұғалжар ауда­ны­ның әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе об­лыстық энергетика және тұрғын-үй ком­муналдық шаруашылығы басқар­ма­сы­ның басшысы Арысұлан Айтбаев, QazaqGasAimaq АҚ Ақтөбе облыстық филиалы Мұ­ғалжар ауданының газ шаруашы­лы­ғы­ның өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады. 
Ауылға газдың келуі – елді мекендердің дамуына, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақ­сартуға бағытталған мемлекеттік сая­сат­тың нақты нәтижесі. Аудан әкімі бұл ба­ғыт­тағы жұмыстар алдағы уақытта да жал­ғасатынын жеткізді. 
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданын­дағы Әйке және Тереңсай ауылдары да газ­бен қамтылды. Енді екі елді мекеннің тұр­ғындары көгілдір отынның игілігін кө­реді.
Бүгінде Әйке ауылында 176 аулада 906 тұр­ғын, ал Тереңсай ауылында 153 аулада 776 тұрғын тұрады. Бұған дейін бұл ауыл­дар орталықтандырылған ауызсумен қам­тыл­ған болса, енді газға да қол жеткізіп отыр.
«Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке және Тереңсай ауылдарында газ тарту және ауылішілік газ құбырын салу» жобасы аясында жүзеге асырылған игілікті істі жү­зеге асырған мердігер ұйым – «Ерзат» ЖШС. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 26,3 ша­қырым.
Газ беру рәсіміне Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев, Ақтөбе облыс­тық энергетика және тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Серік Дәулетов, ауыл ақсақал­дары мен тұрғындар қатысты.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, жыл соңына дейін Әйтеке би ауданына қарас­ты Қияқ­ты және Ұлғайсын ауылдары да газбен қамтылады. Осылайша, бұл аудан­да көгіл­дір отынға қосылған елді мекен­дер саны 18-ге (66,6%) жетіп, 18 мыңнан астам тұр­ғын немесе аудан халқының 87,5%-ы көгіл­дір отынды пайдалана ала­ды.
Бұл жобалар ауылдардың әлеуметтік-эко­номикалық дамуына серпін беріп, тұр­ғын­дардың өмір сапасын арттыруға бағыт­талған.

Данагүл ҚАЗИХАН,
Ақтөбе облысы

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары