Алматыдағы Сайран көлі маңынан қару мен оқ-дәрілер табылды

/
Алматыдағы Сайран көлі маңынан қару мен оқ-дәрілер табылды
Алматы ПД

Сайран көлінің маңынан қару мен оқ-дәрілер табылды. Оқиға орнына аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шұғыл барды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомство ақпараты бойынша, күдік туғызған заттар Садовников көшесіндегі жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақтан анықталған.

"Оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шұғыл жетті. Қару мен патрондар заңда белгіленген тәртіппен тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, табылған қару газды қару санатына жатуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Қазір полицейлер қарудың қайдан келгенін, кімге тиесілі екенін және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары