Алтын мен биткоин арзандап, мұнай қымбаттады: Нарықта не болып жатыр?

/
Алтын мен биткоин арзандап, мұнай қымбаттады: Нарықта не болып жатыр?
istockphoto.com

АҚШ долларның индексі 0,10 пайызға нығайды. Бұл – бірқатар инвесторлардың долларды қауіпсіз актив ретінде қайта таңдауының нәтижесі. Сонымен қатар Ұлыбританиядағы инфляция бойынша әлсіз деректер фунттың әлсіреуіне әкеліп, доллардың салыстырмалы күшін арттырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алтын арзандады. Инвесторлар доллардың нығаюы және АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігінің өсуінен кейін қаражаттарын басқа активтерге бағыттады. Бұл алтынға инвестицияны аз тартымды етті.

Алтынның желтоқсандық фьючерстері 0,13 пайызға төмендеп, унциясы 4 103,79 АҚШ долларын құрады.

Bitcoin (BTC) бағамы 0,72%-ға, Ethereum (ETH) бағамы 1,60%-ға төмендеп, бір монетаның бағасы 3 828,61 долларды құрады.

Бұл — әлемдік экономикадағы белгісіздік пен сауда-геосаяси тәуекелдердің өсуі аясында инвесторлардың тәуекелді активтерге қызығушылығының азаюымен байланысты.

Мұнай бағасы АҚШ, Үндістан және Қытай арасында сауда келісімі жасалады деген үміт, АҚШ-тағы мұнай қорының азаюы және Вашингтонның стратегиялық резервтерді толықтыру жоспарына байланысты өсті.

Brent маркалы мұнайдың желтоқсандық фьючерстері 1,63%-ға қымбаттап, баррелі 62,32 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың қарашалық фьючерстері 1,99%-ға өсіп, баррелі 58,38 доллар болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары