Қазақстанда 35 мың банк картасы бұғатталып, 2,5 млрд теңгені пайдалануға тыйым салынды

/
Қазақстанда 35 мың банк картасы бұғатталып, 2,5 млрд теңгені пайдалануға тыйым салынды
istockphoto.com

Жыл басынан бері 16 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, оның ішінде үшеуі – трансұлттық. 16 топ жетекшісі, 60 белсенді қатысушы ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сонымен қатар, 170 есірткі насихаты мен жарнама фактісі анықталды. Полиция мен волонтерлер 25 мыңнан астам граффити жазбалар мен сайт сілтемелерін бояп тастады.

«26 мың интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді. 35 мыңнан астам банктік карта-шоты бұғатталып, 2,5 млрд теңгені пайдалануға тыйым салынды. Бұл ретте цифрлық платформалармен және басқа да ІТ-компаниялармен ынтымақтастық жалғасуда. Анонимді пайдаланушылар анықталып жатыр. 750 адам ұсталды, оның ішінде 32 – сайт администраторы», — ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары