Алматыда баланың әкесі балабақша ұстазынан 20 млн теңге бопсалаған

/
Алматыда баланың әкесі балабақша ұстазынан 20 млн теңге бопсалаған
istockphoto.com

Алматы қаласында жекеменшік балабақша қызметкерінен ақша бопсалау дерегі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Орталықтағы тәрбиеленушілердің бірінің әкесі педагогтың әрекетіне наразы болып, жалған ақпарат таратамын деп қорқытып, одан 20 миллион теңге талап еткен. Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері зардап шеккен тарапқа тиісті құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмектесіп, дәлелдер жинады. Нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары