Түркістан облысында құс фабрикасы салынады

/
Түркістан облысында құс фабрикасы салынады
instagram/nuralkhan_kusherov

Түркістан облысы Түлкібас ауданында қуаттылығы жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін фабриканың құрылысы жүргізілмек, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлім етті.

"Жалпы құны 53,7 млрд теңгені құрайтын жоба аясында жылына 48 мың тоннаға дейін құс еті өндірілмек. «Түркістан» ӘКК тарапынан 5 млрд теңге несие мақұлданып, мемлекет қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді қолға алады. Жоба толық іске қосылғанда 1200-ден аса адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кешенде 96 құс фермасы, инкубатор, құрама жем зауыты, құс сою және қалдық өңдеу цехтары, сондай-ақ газ-электр станциясы мен тоңазытқыш қоймалар салу жоспарланған. Үш кезеңнен тұратын жоба 2026-2030 жылдар аралығында жүзеге асырылады.

Жаңа фабрика болашақта өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, экспорттық әлеуетімізді де арттыруға мүмкіндік береді", - деп жазды облыс әкімі. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары