Президент Армениямен миграция туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Президент қазақстандық азаматтардың Арменияға сапары мен болу тәртібі туралы Заңына қол қойды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.