Жансая Әбдімәлік шахматқа қашан оралатынын айтты

/
Жансая Әбдімәлік шахматқа қашан оралатынын айтты
Әлеуметтік желі

Белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік Instagram желісіндегі оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқырмандарының бірі одан шахматқа қашан оралатынын сұраған.

«Шахмат – әркез менің өмірімнің бір бөлігі болып қала береді. Қазір менде басқа маңызды кезең – отбасылық өмір, ана болу, жан дүниемді қалыпқа келтіру. Шахмат тақтасына қайта отырғым келгенін кезсем, сол кезде ораламын. Егер оралмасам, онда одан да маңызды істермен айналысамын», – деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары