Қазақстанда экономиканың өсімі 6,3 пайызға жетті – вице-министр

/
Қазақстанда экономиканың өсімі 6,3 пайызға жетті – вице-министр
Үкімет. Фото: t.me/KZgovernment

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында Мемлекет басшысының экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3%-ы құрағанын атап өтті. Соның ішінде, нақты сектордағы өсім 8,1%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті.

Салалар арасында көлік қызметтері (өсім 21,2%-ға), құрылыс (14,9%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,3%-ға) ең жоғары өсім көрсетті.

«Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға өсті. ЖІӨ өсімінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етті», — деді Азамат Амрин

Министр сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға өсіп, 13,8 трлн теңгені құрағанын айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары