Мемлекет басшысы Қазақстанның бірқатар елдегі елшісін ауыстырды

/
Мемлекет басшысы Қазақстанның бірқатар елдегі елшісін ауыстырды
Akorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшісін тағайындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысының жарлығына сай:

  • Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары