Шығыс Қазақстанда алтынды заңсыз өндіргендер қамауға алынды

/
Шығыс Қазақстанда алтынды заңсыз өндіргендер қамауға алынды
istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ директорының орынбасарларының бірі басқа адамдармен бірге әрекет ете отырып, кен орнын заңсыз игеруді ұйымдастырғаны анықталды. Осы мақсатта олар өз бақылауындағы «EastGoldStone» ЖШС-ін тіркеп, пайдаланған.

Бұған дейін хабарланғандай, алтын өндіру жұмыстары екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, өзеннің табиғи арнасына араласу арқылы жүргізілген.

Атқарылған заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал 300 млн теңгеден асты.

Тінту барысында жалпы құны 382 млн теңге болатын 6,7 кг алтын, 10 млн теңге және 56 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша тәркіленді. Бұл қаражатқа сот санкциясымен бұғаттау қойылды.

Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары