Суық сусын ішу мазасыздық, ұйқысыздық тудырады – зерттеу

/
Суық сусын ішу мазасыздық, ұйқысыздық тудырады – зерттеу
сурет: istockphoto.com

Америка ғалымдары тамақ пен сусынның температурасы ас қорыту жүйесіне ғана емес, адамның психикалық саулығына да ықпал ететінін анықтады. Сан-Диего университетінің зерттеушілері жүргізген жұмыс British Journal of Nutrition журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеу барысында АҚШ-та тұратын 400 ересек адамның тамақтану әдеттері талданған. Қатысушылардың бір бөлігі Азиядан шыққан, екінші бөлігі – жергілікті америкалықтар. Ғалымдар олардың тұтынатын тағам температурасы мен физикалық әрі психикалық жағдайларын салыстырды.

Нәтижесінде жаз мезгілінде көп мөлшерде суық сусын ішкендерде мазасыздық, ұйқысыздық және ішек жұмысының бұзылыстары жиі кездескен. Қыста ыстық сусындарды көбірек тұтынғандардың ас қорытуы жақсарып, ұйқысы тұрақтанған, депрессия белгілері азайған. Қытайлық қатысушылардың ішінде суық тағамды ең аз пайдаланғандар ең жақсы нәтижелер көрсетті. Ал Үндістаннан шыққандар суық ас денсаулыққа айқын зиян келтіретінін атап өткен.

Ғалымдар әсіресе қан айналымы бұзылған адамдардың суық тағамнан көбірек зардап шегетінін көрсетті.

Мамандардың айтуынша, бұл тұжырымдар қытай және аюрведа медицинасындағы ежелгі қағидаларға сәйкес келеді. Зерттеушілер болашақта әртүрлі жас топтарына суық тағамның әсерін бөлек зерттеуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары