Биржада доллар арзандады

/
Биржада доллар арзандады
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 546,96 теңгені құрап, 1,95 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 2 қазанға 549,15 теңге болып белгіленді.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 546,86 теңге, сату бағамы – 548,64 теңге. Астанада долларды орта есеппен 545,72 теңгеден сатып алып, 551,63 теңгеден сатып жатыр.

Еске салайық, 29 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 4,34 теңгеге өсті, 30 қыркүйекте – 0,29 теңгеге, 1 қазанда – 0,08 теңгеге көтерілген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары