Әлеуметтік желіде журналист Ажар Момбек "Келінжан" телехикаясы жайлы ойын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Журналисттің сөзінше, көп маусымға созылған телехикаяның мән-мағынасы көңіл көншітерлік емес.
"Алты жыл бойы «Келінжан» сериалын түсіре беру кімге керек?
Балқия әлі күнге дейін 6 жыл бұрынғы Мәдібектің қатынқұрмар қылығымен алысып, жыр қылып келеді. Айсара да өзгермеген, баяғы образ. Тіпті іліп алар бір ауыз сөзі жоқ.
Ауыл әкімі мен мектеп директорлығының жыры да таусылмайды. Асылымның алты жыл бойына қаладағы оқуы тегі, бітпейді.Кейіпкерлерінде даму жоқ. Продюсерде де! Оны езіп, езеуреп подкасттарда мақтаныш етіп айта беру продюссердің ізденіс деңгейін көрсетпей ме? Қазақилық пен ауылдың өмірін, ауылдағы адамдардың тұрмысын дәріптейтін сериал екен- міш. Продюсер мен режиссёр ауылға жиі бару керек- ау. Ауылдағы өмір басқа.
Осы сериал «Хабар» арнасы арқылы мемлекеттің пәленбай мың қаржысына түсіріледі. Идеологиялық мағынасы жоқ, салар ойы жоқ! Сыбай сылтаң дүниені 6 жыл бойы езе беру кімге керек?", - деді журналист Ажар Момбек.