Таразда ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салынады

/
Таразда ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салынады
gov.kz

Тараздағы зауыт жылына 2000 дана ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын болады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жұмыс сапары аясында Жамбыл облысына барған ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров индустриялық аймаққа барып, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын жаңа зауыттың капсуласын салу рәсіміне қатысты.

Жобаның инвесторы – «Kaz FM World agriculture machinery» (ҚХР).

Жылына 2000 дана техника шығаратын зауыттың құны 3 млрд теңгені құрайды. Мұнда 8 түрлі трактор моделі, күріш жинайтын және мақта теретін комбайндар, тіркемелі жабдықтар, тұқым сепкіштер шығару жоспарланған», - делінегн хабарламада.

Әкімдіктің ақпаратынша, сондай-ақ индустриялық аймақта су үнемдеу технологиялары саласында да жобаларды іске қосу көзделіп отыр.

«Мәселен, Akplas компаниясының жаңа жобасы жылына 200 мың гектарға дейін суару мүмкіндігін қамтамасыз ететін ирригациялық жабдық шығаратын зауыт салуды қарастырады.

Сондай-ақ, одан кем емес маңызды жобалардың бірі – Hualing Group Co. Ltd. (ҚХР) компаниясының жаңбырлатып суару машиналарын шығаратын зауыт салуы болмақ. Инвестиция көлемі – 10 млрд теңге, жылына 200 дана машина шығару жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары