Құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

/
Құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті
olympic.kz

Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Париж-2024 Олимпиадасының қатысушысы «жылдамдық» бағдарламасында 1/8 финалға жолдама алды.

Іріктеу кезеңінде Маймұратов 15-орынға тұрақтады. Плей-оффқа 16 спортшы өткен болатын.

Ришат Хайбуллин 23-орын алды, Бекнұр Алтынбеков – 26-орын, Жандос Қалибай – 30-орын, ал Дамир Тоқтаров – 50-орын иеленді.

Жүлделер 25 қыркүйекте сарапқа салынады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары