Алмагүл шағын ауданындағы аулада бейтаныс ер адам жасөспірімді соққыға жыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның балаларға жақындап келіп, олардың бірін ұрып жатқанын көруге болады.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Күдіктінің жеке басын анықтап, ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, оқиға куәгерлерінен жауап алынуда», – деп хабарлады департамент.
9 жастағы бала жеңіл дене жарақатын алған, оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.