Зерттеу: асығу – адамды әдепсіз қылатын фактор

/
Зерттеу: асығу – адамды әдепсіз қылатын фактор
cурет: istockphoto.com

Польшаның Әлеуметтік психология және гуманитарлық ғылымдар университетінің зерттеушілері Journal of Community & Applied Social Psychology журналында жарияланған еңбектерінде адам уақыт қыспағында қалғанда, әдеттегіден дөрекілеу жауап қататынын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Асығыс адамның реакциясы төрт түрлі зерттеу арқылы тексерілді. 722 қатысушыға түрлі жағдай ұсынылды: бірінде достың өтінішін сыпайы түрде қабылдамау, бірінде компьютерлік тапсырма орындап жатқанда бейтаныс адамның сөзін бөлу. Нәтижесінде асыққандардың жауабы үнемі аздап әдепсіздеу болды.

Зерттеудің соңғы кезеңінде адамдар өздерінің соңғы уақыттағы асығысты сәттерін еске алып, өзгелерге қалай қарағанын саралады. Сонда асыққандардың көпшілігі басқаларға дөрекірек болғанын мойындады.

Ғалымдар қазіргі қарбалас өмірде әдептілікті сақтау үшін саналы өмір салтын ұстану қажет деген қорытынды жасайды. Бұл тәсіл адамға күйзелісті сәттерде де сыпайы болуға көмектеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары