Амстердам билігі мысық пен кірпіге баспалдақ салу үшін 100 мың еуро бөлді

/
Амстердам билігі мысық пен кірпіге баспалдақ салу үшін 100 мың еуро бөлді
сурет: vice.com

Амстердам билігі қала каналдарын жануарларға қауіпсіз ету мақсатында арнайы баспалдақтар орнатуға €100 мың бөлді. Мұндай шешім соңғы алты айда суға түсіп, шыға алмай қалған 19 жануардың өлімінен кейін қабылданды, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Бастама қалалық кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды. Katten Kenniscentrum ақпараттық орталығының өкілі Мэгги Руйтенбергтің айтуынша, мысықтар қорыққан кезде жиі каналға түсіп кетеді.

«Мысықтар жүзе алады, бірақ ұзақ шыдай алмайды. Ал баспалдақ өмірін құтқарып қалуы мүмкін», – деді ол.

Ресми деректерге сәйкес, Амстердам каналдарында жыл сайын шамамен 14 адам абайсызда суға кетеді. 2014-2024 жылдар аралығында 142 адам қаза тапқан, олардың көпшілігі – мас күйінде немесе есірткі әсерінен суға құлаған туристер.

Кейбір каналдарда адамдарға қол тіреп шығуға мүмкіндік беретін арнайы шығатын орындар да жасалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары