Көкшетауда 27 жастағы келіншек 40 адамды алдап кеткен

/
Көкшетауда 27 жастағы келіншек 40 адамды алдап кеткен
istockphoto.com

Ақмола полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен туристік агенттік басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғашқы жәбірленушілердің арыздары 2024 жылдың желтоқсанында Көкшетау қалалық полиция басқармасына түскен.

«Кейін де шағымдар биылғы тамыз айына дейін түсе берді. Өтініш иелері туристік агенттік тарапынан көрсетілмеген туристік қызметтердің сылтауымен өздеріне тиесілі ақшалай қаражат иемденілгенін хабарлады», – деді полиция.

Жалпы алғанда, өңірдің 39 тұрғыны заңсыз әрекеттің құрбаны болды. Келтірілген жалпы шығын шамамен 35 млн теңгені құрады. Тергеу барысында күдіктінің жеке басы анықталды – ол Көкшетау қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа жолданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары