Үндістанда болған табиғи апат салдарынан 17 адам қаза тапты

/
Үндістанда болған табиғи апат салдарынан 17 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігінде су тасқыны мен көшкін салдарынан 17 адам қаза тауып, 13 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында нөсер жаңбырдан болған су тасқыны мен көшкін халықты әбігерге салды. Табиғи апат салдарынан 17 адам қаза тапты, тағы 13 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ең қатты зардап шеккен аймақ ретінде штаттың әкімшілік орталығы Дехрадунді атаған.

Шенеуніктердің айтуынша, құтқару жұмыстары зардап шеккен аудандарда және оның маңында жүргізілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары