Жезқазғанда мектеп бухгалтері 28 млн теңге жымқырған

/
Жезқазғанда мектеп бухгалтері 28 млн теңге жымқырған
istockphoto.com

Жезқазған қалалық соты Сәтбаев қаласы білім бөліміне қарасты №2 балалар музыка мектебінің бухгалтерін 28 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот тергеуі барысында мемлекеттік айыптаушы 2024 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде ол өзіне заңсыз түрде артық жалақы тағайындап отырғанын дәлелдеді. Сондай-ақ бухгалтер мекемеде іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға — «өлі жандарға» жалақы есептеп отырғаны анықталды.

Сот үкімімен оған 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және дәл осы мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары