Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында өнер көрсететін Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/4 финалда И-Сюань Гуомен (Тайбэй) жұдырықтасты.
Алуа Балқыбекова алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) кем дегенде қола алады.