Алматыда заңсыз салынған монша кешені сүріледі

/
Алматыда заңсыз салынған монша кешені сүріледі
Алматы қаласының әкімдігі

Жоспардан тыс жүргізілген тексеру нәтижесінде меншік иесінің нысанды рұқсат құжаттарынсыз салғаны анықталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді.

2024 жылғы 22 қарашада нысанды сүру туралы талап-арыз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданып, одан кейін ұзаққа созылған сот талқылаулары өткен.

2025 жылғы 2 маусымда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші инстанция сотының нысанды сүру жөніндегі шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

2025 жылғы 10 қыркүйекте сот орындаушыларының қатысуымен нысанды сүру жұмыстары басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары