Президенттің бастамасы – жастардың болашағына бағыт-бағдар беретін үлкен қадам

/
Президенттің бастамасы – жастардың болашағына бағыт-бағдар беретін үлкен қадам

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы жасалды. Маңызды шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының білім саласының қызметкері Раушан Құдайбекқызы Президент көтерген мәселелер еліміздің келешегі үшін аса маңызды екенін жеткізді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсу – мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» деген сөзі әрбір өндірістік салада қызмет етіп жүрген ұстаздар мен мамандардың жүрегінен шыққан ой деп білемін. Шын мәнінде бүгінгі күнде еліміздің дамуы мен экономикасының тұрақтылығы – нақты салаларда еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандардың қолында. Жастардың өндірістен қашпай, өз мамандығы бойынша еңбек етуі – елдің дамуына қосқан үлесі.

Біз ұстаздар қауымы сол мамандарды даярлаудың алдыңғы шебінде тұрмыз. Әр шәкірттің қолына берілген кәсіби дағды оның болашақтағы табысының кепілі ғана емес, мемлекетіміздің өркендеуіне қосылған үлесі. Еңбек адамының мәртебесін көтеру тек мемлекет міндеті ғана емес, әрқайсымыздың жүрегіміздегі миссия. Сол себепті президенттің бастамасы – жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып қана қоймай, жастардың болашағына бағыт-бағдар беретін үлкен тарихи қадам деп есептеймін», –  дейді Раушан Құдайбекқызы.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары