Жолдаудың ел игілігі үшін атқарар рөлі зор – Ақерке Искандерова

/
Жолдаудың ел игілігі үшін атқарар рөлі зор – Ақерке Искандерова

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова әр жолдаудың негізінде жауапкершілікпен іске асатын нақты жұмыстар мен бастамалар бар екенін айтады.

«Жыл сайынғы жолдауды ұйым мүшелерімен, рухтастармен жаңа саяси кезеңге жоспарлар мен бағыттар бекітуде үлкен қадам деп қабылдаймыз. Бүгінгі Мемлекет басшысының жолдауы да азаматтардың игілігі мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында үлкен рөл атқарады.

Жасанды интеллект арқылы жаңа басқару формаларын енгізу, мемлекеттік қызметте, жалпы қоғамда цифрландыруды енгізіп, нәтижелер үшін жұмыс жасау Жолдаудың негізгі месседждерінің бірі болды. Азаматтардың қаржылық білімін арттыру мәселесіне арнайы тоқталды.  Осы орайда «AMANAT» партиясының ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын әрі қарай жүзеге асыру өте маңыздылығын айтты. Партиялық жоба аясында 845 мың адам қаржылық сауатын арттырып,  заңгерлік көмек алды. Жобаның басты мақсаты – халықтың қарыздарын азайту ғана емес, сонымен қатар, азаматтардың табысының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Расымен де, атаулы жоба еліміздің түкпір-түкпірінде халықтың қаржылық білімін кеңейтіп, экономикалық  тұрғыдан өмір сапасын арттыруға жол ашты.  Бұл бағыттағы шаралар кешенін «AMANAT» партиясы қарқынды жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы тарапынан іске қосылған «Цифрлық қоғам» жобасын айтып өткім келеді. Ол түрлі әлеуметтік топтарды қамтуды көздейді. Цифрлық ортадағы қауіпсіздік пен білім әр адам үшін қолжетімді болуы керек. Партиялық жоба аясында жастар мен азаматтардың ақпараттық кеңістікте еркін әрі қауіпсіз болуына жағдай жасалады», –  дейді ол.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы жастарға үлкен сенім мен жауапкершілік артып отыр.

«Президент өз сөзінде эко-сана мен суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру жайында да айтып өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырып,  атсалысып жүрген жастарға ерекше алғысын жеткізді. Тұрақты шараға айналған «Таза Қазақстан»-ға рухтастардың қосқан үлесі ерекше. Былтырдан бері Жастар қанаты экологтар, еріктілермен бірлесе ауқымды жұмыстар атқарды.  1200 шақырымды құрап, 100 тонна қоқыс жиналған «Таза Қазақстан» Road-эстафетасы, әр бейсенбі сайын белсенділер өз үлестерін қосатын «Таза бейсенбі», түрлі эко-акциялар мен шаралар жалпыұлттық науқан аясында тұрақты өтуде.

Мемлекет басшысының жастарға деген сенімін, артылатын үлкен жауапкершілігін атап өтпеуге болмас. Біздің, жастардың бастамаларын қолдауы, жаңа іс бастауда, халыққа, қоғамға, өз ортамызға тигізер пайда, ғылым мен білім жолында мемлекеттің, ел Президентінің артқан сенімін ақтау – жауапты әрі маңызды іс. Жаңашылдық, жасампаздық, отаншылдық қасиеттерін алға тартып, біз де өз тарапымыздан жүйелі жұмыстар жасайтын боламыз», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары