Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында құтқарушылар Ахиповка көлінде қайық аударылып, суға түскен үш баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ведомство дерегінше, 7 қыркүйек күні 12–13 жас аралығындағы үш бала Покровка ауылынан балық аулауға шыққан. Қатты желдің салдарынан олардың қайығы аударылып кеткен. Жағада қалған балалардың бірі 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқару қызметіне хабар берген.
«Қоңырау шалушы қатты уайымдап, өзінің нақты орналасқан жерін ұзақ уақыт айта алмады. Себебі ол маңда көлдер көп. Оперативтік кезекші баланы сабырға шақырып, не көріп тұрғанын біртіндеп сұрап, құтқарушыларды дұрыс бағыттауға тырысты», – деп мәлімдеді ТЖМ.
Оқиға орнына құтқару қызметінің мамандары мен полицей барған. Балалар жағаға шығарылып, дәрігерлерге тапсырылды.
Аударылған қайықты ұстап тұрған балалар қатты тоңған.