"2,5 млн теңге несие алдыртпақ болған": Журналист қарияны алаяқтардың арбауынан құтқарып қалды

"2,5 млн теңге несие алдыртпақ болған": Журналист қарияны алаяқтардың арбауынан құтқарып қалды
жеке парақшасынан

Ақын, журналист, «Túrkistan» халықаралық газеті бас редакторының орынбасары Тоқтарәлі Таңжарық егде жастағы Астана тұрғынын алаяқтардың арбауынан құтқарып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Қазір ғана бір жағдай болды. Ертемен жұмысқа келе жатсам, "Керуен" сауда орталығының қасында жасы алпыстардан асқан бір кісі телефонмен сөйлесіп, алдымда кетіп барады. Громкоға қойған екен, диалогтарынан аңдасам, орыс жігіт бастырмалатып, кредит туралы айтып тұр. Мына кісі болса, "да, да, слушаюдан" басқа орысшасы шамалы сияқты. Дереу күмәнданып, жақындап барып, тағы тыңдадым. Үзіліп кетсе, арғы жағы дереу жалғап, бұрынғысын жалғастырады. Мына кісі қазір банкке келдім дегенде, алаяқтардың құрығына түскенін дереу білдім. Жанына барып: "Сізге кредит ал деп жатыр ма, кіммен сөйлесіп тұрсыз" десем, "органдағылармен" деп қашқақтайды. Сосын: "Сізге органдағылар кредит алдырмайды. Бұлар мощенниктер" дедім. Ағам маған сенер емес. Амалсыз полиция шақырдым", – дейді ол.

Журналист полиция шақырғанша алаяқтар хабарласып әлек болған.

"Аналар қайта-қайта звондап әлек. Плиция келгенше ұққаным, ағамызды бір қыз, бір жігіт таң атпастан оятып, вацабына бір құжат жіберіп, әйтеуір дереу кредит алып, сақтанбасаңыз, жағдайыңыз мүшкіл деген көрінеді. Органнанмын, Рысбек, Сіз ешкімге айтпай, кредит алып, сақтаныңыз деген секілді. Өзі ситуацияның қалай болғанын дұрыс түсіндіріп бере алмады. Олармен сөйлеспеңіз, қазір полиция келеді деп әзер тоқтаттым. Одан кейінгі жайтты видеоға түсірдім. Полицейлер: "Екі жарым миллион кредиттен сақтап қалдыңыз" деп, Рысбек ағамызды бөлімшеге алып кетті. Кеше ғана Yerkanat жариялаған видеоны көріп ем, соның да пайдасы тиді. Үлкен кісілерге көбірек ескертіп, сақтанудың амалын үйрету керек секілді. Какен Камзин ұстаздың басынан өткен жайтты қарапайым халық та бастан өткеріп жатқан секілді. Кибералаяқтардан сақтаныңыздар!", – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары