Адамзаттың аман қалу мүмкіндігі 50 пайыз ғана – АҚШ зерттеушісі

/
Адамзаттың аман қалу мүмкіндігі 50 пайыз ғана – АҚШ зерттеушісі
сурет: istockphoto.com

АҚШ зерттеушілерінің бірі адамзаттың жасанды интеллектке байланысты болашағын бағалап, «аман қалу мүмкіндігі 50/50» деп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz businessinsider.com-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ЖИ-дің дамуы қоғамға үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты ол өзінің күнделікті өмірін түбегейлі өзгерткен: қарым-қатынастан бас тартып, айлығының бір бөлігін ЖИ қауіпсіздігіне жұмсап, қалғанын биобункер салуға кетіреді.

Мұндай үрдіс қазір жалғыз оның ғана тәжірибесі емес. Тақырыпты зерттеп жүргендердің арасында зейнетақыға ақша жинауды доғарып, мүлде басқа тәсілдерді таңдағандар көбейіп келеді. Біреулері «осы сәтте өмір сүргенді» жөн санаса, енді бірі қол еңбегін үйреніп, болашақта ЖИ-ді алмастыра алмайтын дағдыларға мән беріп жатыр. Ал үшінші топ сырт келбетіне, денсаулығына инвестиция құяды. Олардың пайымынша, егер ЖИ жұмыс орындарын тартып алса, ең басты құндылық – дені сау әрі тартымды болу.

Зерттеушілердің айтуынша, мұндай көзқарас бүгінде АҚШ-та ғана емес, әлемнің дамыған елдерінде де кеңінен талқыланып отыр.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары