Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Чэнду (Қытай) қаласындағы Дүниежүзілік ойындарында үшінші орын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстандық спортшы «жылдамдық» бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
Бірінші орынды Қытай спортшысы Цзянь Го Лун иеленді. Екінші болып Индонезия өкілі Киромал Катибин мәреге жетті.
Әмір Маймұратов - 15-орын, Бекнұр Алтынбеков - 23-орын, Дамир Тоқтаров – 28-орынға тұрақтады.