Танымал «Додо Пицца» желісінің негізін қалаушы Фёдор Овчинников 147 күнін арктикалық тундрада өткізді. Кәсіпкер өз бизнесін уақытша тастап, солтүстік оленеводтармен бірге 730 шақырым жол жүріп өтті. Экспедиция кезінде шошалада түнеп, жуынбай, Wi-Fi-сыз және жеке кеңістіксіз өмір сүрді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Овчинниковтың айтуынша, тундрадағы өмір мүлде бөлек әлем сияқты сезілген.
«Біз айлар бойы шексіз тундрамен жүріп өттік, жолда бірде-бір адамды кездестірмедік. Маған бұл саяхат космостық кемеде жүргендей әсер қалдырды», – деп жазды ол.
Кәсіпкер бұл сапарға өмірдегі басымдықтарын қайта бағалау үшін жасағанын айтады.
«Біз әлеуметтік ойынның ішінде өмір сүріп жатырмыз. Өткеніміз болашағымызды анықтайды. Компания құрдың – ары қарай не істейсің? Вектор бойымен жүресің, өзіңді еркін сезінемін деп ойлайсың», – дейді ол.