Қандай сусындармен дәрі ішуге болмайды?

/
Қандай сусындармен дәрі ішуге болмайды?
сурет: istockphoto.com

Дәріні тек таза сумен ішкен дұрыс, өйткені өзге сусындар препаратпен жағымсыз химиялық реакцияға түсіп, оның әсерін әлсіретуі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz pravda.ru-ға сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, кейбір сусындардың құрамында белсенді заттар бар: кофе – кофеинге, шай – таниндерге, газдалған сусындар – қант пен әртүрлі қышқылдарға бай.

«Олар дәрілер сияқты басқа химиялық агенттермен әрекеттескенде, әрдайым пайдалы бола бермейтін химиялық реакция жүруі ықтимал», – деді Булыгина.

Ол тек ерекше жағдайларда ғана дәріні басқа сусынмен ішуге болатынын атап өтті. Әдетте, мұндай жағдайда дәрігер алдын ала ескертеді. Мысалы, кейбір препараттарды сәл қышқылдандырылған сумен ішуге рұқсат етіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары