Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешова жас отбасылардың ата-анамен бірге тұруы туралы пікірін білдірді. Өнер иесі қазіргі жағдайда жас жұбайлардың бөлек тұрғаны дұрыс деп санайтынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актриса бұл пікірін Астанада El.kz тілшісінің сауалына жауап беру кезінде айтқан. Меруерт Өтекешованың сөзінше, өзі кезінде ата-енесімен он жыл бірге тұрып, келіндік міндетін атқарған.
"Ата-енем бізбен он жыл бірге тұрды. Өте үлкен кісілер еді. Құрман ағаң: "Ауылдан алып келеміз", – деді. Мен келістім. Сөйтіп, келіндік қызметімді атқардым. Бірақ қазір жастарға айтарым – бөлек тұрған дұрыс. Басында бірге тұруға болады, дегенмен жалпы бөлек тұрған жөн. Қазір заман басқа, жастардың да, үлкендердің де ойы өзгерген", – деді Меруерт Өтекешова.