Әлеуметтік желілерде ер адамның мәлімдемесі жазылған бейнежазба тарауда. Онда ол Түркістан облысы Сайрам ауданында шамамен сегіз адамның біреудің үйіне баса-көктеп кіріп, бүкіл отбасын аяусыз соққыға жыққанын айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Хабарламада жәбірленушілерді басқа тұрғындар құтқарып қалғаны айтылған. Liter.kz редакциясына облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, Сайрам ауданында дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Оқиғаға қатысқан барлық адамдар полицияға жеткізіліп, жауап алынды. Тексеру барысында көршілер арасында тұрмыстық жанжалдан туындағаны анықталды. Қазіргі сәтте тараптардың уәждері зерттеліп, барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, іс материалдары сотқа жолданады", – деді ведомство өкілдері.