Саулық – сақтықта

/
Саулық – сақтықта

Еліміздің әр өңірінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жазғы кезеңде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін насихаттау мақсатында балалар мен педагогтарға арналған алдын алу шараларын белсенді түрде өткізуде.

Ақмола облысының Зеренді ау­данында орналасқан «Парус» ба­лалар сауықтыру орталығында «Кли­мат күтпейді» атты жазғы кли­маттық лагерь ұйымдастырылды. Елдің түпкір-түпкірінен жиналған 60-қа жуық оқушыны біріктірген бұл лагерь аясында Ақмола облысы ТЖД мамандары су айдын­дарын­дағы қауіпсіздік, алғашқы медици­на­лық көмек көрсету және төтенше жағ­дайлар кезінде дұрыс әрекет ету бойынша арнайы оқыту сабағын өт­кізді. Құтқарушылар жедел-құт­қару жасағының заманауи құрал-жабдықтарын таныстырып, суда зар­дап шеккен адамды құтқару бойын­ша көрнекі жаттығу көрсетті. Со­нымен қатар педагогтар үшін жеке дәріс өткізіліп, олардың да тө­тенше жағдайларда әрекет етуге дайын болуына баса мән берілді.

Ақтөбе облысында құтқару­шы­лар «Еркетай» балабақшасының бүл­діршіндерімен кездесті. Ойын формасында өткен сабақтарда ба­лаларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Ал мекеме қызметкер­лері алғашқы өрт сөндіру құрал­да­рын қолдану дағдыларын тәжірибе жүзін­де меңгеріп, өрт кезіндегі іс-әре­кеттер бойынша нұсқаулық ал­ды. Жазғы өрт қауіпті кезеңіндегі тәр­тіпке ерекше назар аударылды.

Жаңаөзен қаласында ТЖ бас­қар­масының мамандары «Ақбөбек» ла­герінде демалушы балалармен шо­мылу кезіндегі қауіпсіздік ере­желері туралы әңгіме жүргізді. Ба­ла­ларға судың қаншалықты қауіп ту­дыруы мүмкін екені ойын түрінде жеткізіліп, сақтық шаралары жан-жақ­ты түсіндірілді. Көрсетілген бей­нероликтер мен интерактивті са­бақтар ақпаратты жеңіл әрі қы­зық­ты қабылдауға сеп болды.

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы балалар лагерьлерінде ТЖД-ның ақпараттық-насихаттау тобы Қызыл Жарты Ай қоғамының өкіл­дерімен бірлесіп кешенді про­фи­лактикалық шаралар өткізді. Бала­ларға өрт, судағы қауіп, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайларда қа­лай әрекет ету керектігі интерак­тивті түрде түсіндірілді. Практика­лық жаттығулар, топтық талқы­лау­лар мен тақырыптық викториналар арқылы олар қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекемдей түсті.

Мұндай іс-шаралар жүйелі түр­де өткізіліп келеді. Олар балалар мен ұстаздар арасында қауіпсіздік мә­дениетін нығайтып, төтенше жағ­дайлар кезіндегі шұғыл әрекет ету­ге дайындықты арттыруда, сон­дай-ақ жазғы демалыс кезінде түрлі қауіп-қатердің алдын алуда маңыз­ды рөл атқарады.

А.БИМЕНДІ

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары