Америкалық IT маманы ешбір жұмысты өзі істемей-ақ жылына 900 мың доллар (шамамен 72 миллион теңге) табыс тауып жүр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол бір уақытта алты компанияда қашықтан жұмыс істейтін болып есепте тұрады. Бірақ іс жүзінде оның орнына төрт фрилансер жұмыс істейді, олар АҚШ, Канада, Үндістан және Пәкістанда тұрады. Барлық тапсырмалар осы мамандарға беріледі, ал IT маманы тек жалпы бақылаумен айналысады.
Жұмыстан шығып қалса, ол мәселе емес: нейрожелінің көмегімен бір күнде 150 түйіндеме жіберіп, тез арада басқа компаниядан жұмыс тауып алады.
Оның айтуынша, ең қиын нәрсе – Zoom арқылы өтетін жиналыстарда өз рөлін дұрыс ойнап шығу және қай жобаның не екенін шатастырып алмау.