Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған

/
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
istockphoto.com

Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.

"Бұл факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру арнайы прокурорлармен жүргізілді.

Маңғыстау аудандық сотының 09.07.2025 жылғы үкімімен колледждің бас есепшісі ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары