Оңтүстік Корея билігі өз азаматтарына КХДР тұрғындарымен ешқандай шектеусіз байланыс орнатуға рұқсат берді. Алайда мұндай байланыстар туралы алдын ала билікке хабарлау қажет, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы журналистерге Оңтүстік Кореяның бірігу істері жөніндегі министрі Чон Дон Ён мәлімдегенін Yonhap агенттігі жазды.
28 шілде күні Чон Дон Ён журналистерге азаматтардың Солтүстік Корея тұрғындарымен байланысын реттейтін министрліктің бұрынғы нұсқаулықтарын күшінен қалдыратын жарлыққа қол қойғанын айтты. Бұрынғы ережелер Оңтүстік Корея азаматтарының КХДР тұрғындарымен кездесу немесе сөйлесу туралы өтініштерін дерлік барлық жағдайда кері қайтаруға мүмкіндік беретін.
Министрдің айтуынша, енді мұндай байланыстар толықтай рұқсат етіледі. Бірақ бұл туралы бірігу істері жөніндегі министрлікке алдын ала хабарлануы тиіс.
«Халықтар арасындағы еркін байланыс өзара түсіністікке жол ашады. Ал бұл бейбіт өмір сүруге әкелуі мүмкін», – деді Чон Дон Ён.