Бұл ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция өкілдерінің айтуынша, қыздың соңғы жазбасында бұл қадамға отбасындағы мәселелер себеп болғанын жазып қалдырған.
Әлеуметтік желілердегі деректерге қарағанда, марқұм Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде білім алған. Дегенмен, университет әкімшілігі оның академиялық үлгерімі туралы мәлімет беруден бас тартты. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды.