Бұл туралы Арқалықтан Бельгия еліне сатылып кеткен Жәнібек Савельевтің анасын табуға тырысып жүрген журналист Қымбат Досжан мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мұны қорғаушы Мейірман Шекеев растап, әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Жәнібек – Бельгияда асырап алынған қазақ баласы. Кейінірек анықталып жатқандай бала заңсыз сатылған сияқты. Құжаттармен танысу барысында қаншама былықтар ашылып жатыр. Жәнібектің алғашқы келіп биологиялық анасын табу мақсаты нәтижесіз болған. Қазір іздеу жұмыстары жалғасуда, кейбір ДНҚ тестілеулері жасалғанымен нақты нәтижеге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталды», - деп жазды адвокат.
Ресми түрде сенім хатты қолына алған қорғаушы жұмысын Арқалық қаласынан бастамақ.