Көбейтұздан тұз ұрлағандар жауапқа тартылады

/
Көбейтұздан тұз ұрлағандар жауапқа тартылады
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде жұрттың Көбейтұз көлінен тұз жинап жатқан сәті таспаланған видео тарады. Ақмола облысының полиция департаменті бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзу дерегі Ерейментау ауданы полиция бөлімінде тіркелді. Аталған тұлғаларды жауапкершілікке тарту және мән-жайды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деді полиция.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көбейтұз көлі суының сапасын талдау нәтижесі улы элементтер мен металдардың жоғары концентрациясын көрсеткен болатын.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары