Өскеменде жүргіншіні көлік қағып кетті

/
Өскеменде жүргіншіні көлік қағып кетті
istockphoto.com

Өскеменде трамвай аялдамасы маңында жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға 23 шілдеде Шәкәрім даңғылында болған, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, трамвай аялдамасы маңында Nissan Serena көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға салдарынан 48 жастағы әйел жарақат алды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, әйел трамвайдан түскен сәтте көлік қағып кеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары